Әскерге жарамды болып аттанған жігіт психикалық аурумен оралды

Oinet.kz 27-09-2019 3449

Screenshot_2.jpg

Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп келген Нұрсұлтан Қалыбекті дәрігерлер психикалық ауытқу белгілері бар деп стационарға емделуге жіберген. Алайда, анасының сөзінше, әскерге жарамды болып аттанған ұлының аяқ астынан жынды атануы мүмкін емес деп хабарлайды КТК арнасы.

Бала күнінен бастап әскери қызметкер болуды армандаған Нұрсұлтан бүгінде адам сенбестей өзгеріп кеткен. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант етіп, бал-бұл жанып тұрған жігіттің қазір ештеңеге зауқы жоқ.

Мамыр айында десантшылар қатарына қосылып, бүгінде бетін бүркеп, селкілдеп отырған сарбазды дәрігерлер психиатриялық стационарға жіберді. Олардың пікірінше, 19 жастағы Нұрсұлтан жынды болудың аз-ақ алдында тұр.

"Кешегіге дейін олар протрузия, остеохондроз, жалпақтабан деген диагноз қойған. Келеді де, баланы "псих" деп шығарады. Сарбазға бергеніме өкінемін. Сап-сау, құлшынып аттанған бала осындай жағдайға түсті. Бұрынғыдай емес балам.

Ол өтірікті жаны сүймейтін. Шындықты бетке айтатын бала еді. Не үшін кепкасын басып отыр. Өйткені ар жағында шындық жоқ. Оны көргісі келмейді. Қысым көрсеткен. Қысым көрсетпесе, бала мұндай бола ма?", - дейді сарбаздың ашынған анасы Гүлнар Сарытбекова.

Ал Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінің командирі жас сарбазды әскери комиссариаттан өткізіп жібергеніне таң қалады. Өйткені жас сарбаз десантшы болуға жарамсыз болды дейді. Нұрсұлтан әскерге келгелі қайта-қайта ауырып, санитарлық бөлім мен госпитальдан шықпапты деп хабарлайды телеарна.

"Ол өзі ауру бала екен ғой. Біздің арамызда жүруге болмайды ғой. Аяғы ісіп бастады. Мен өзім оның ерекшеліктерін байқамадым. Тыныш бала болды дейді" ,- дейді Арман Асанбай.

Жас сарбаз енді Нұр-Сұлтан қаласындағы бас әскери клиникалық госпитальда емделеді. Психиатрлардың айтуынша, оған диагноз қою үшін кемі бір апта уақыт керек.

Одан кейін әскери-дәрігерлік комиссия нақты шешім қабылдамақ. Ал әділдік іздеген сарбаздың анасы кінәлілерді тауып, соңына дейін күреспек.

Дәурен Абаев: «Митингке шыққан әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бар»
Қазақстанның 8 өңірінде үсік болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу