Дәурен Абаев: «Митингке шыққан әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бар»

Oinet.kz 27-09-2019 1549

Картинки по запросу Дәурен абаев

Үкімет атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жасалып жатқан түрлі айла-тәсілге көшіп жатқан ата-аналарға алаңдап отырғанын жеткізді. Бұл туралы  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу ісінде алаяқтық жағдайы шынында да, көбейіп барады. АӘК тағайындалатыны хабарлана сала соттарды айырылысу туралы арыздар «көміп тастады». Өткен аптада БАҚ-тан бір отбасы өз баласын балалар үйінен алып кеткені туралы, ал АӘК-ті ресімдеп алғаннан кейін баланы қайта өткізіп жібергені туралы жаңалық оқыдым. Оралда тіпті кейбір адамдардың уақытша Қарттар үйінен қартайған әке-шешесін үйіне алып келгенін естідім. 8 миллион теңге жылдық кірісі бар кейбіреулер нақты табысын жасырған. Сол себепті, Үкіметті бұл жағдайға кәдімгідей алаңдатып тастады. Әлбетте, алаяқтықтың жолын кесіп, ол дертпен күресу керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев қазіргі таңда үй сұрап, көмек сұрап көшеге митингке шығып жатқан көпбалалы аналарға да қатысты пікір білдірді.

«Алаңға шыққан әйелдер кезектен тыс пәтер беруді талап етіп отыр. Ал бұл талап мемлекеттік көмекті әділетті түрде тарату қағидатын бұзады. Осы акциялардан кейін ол әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бары анықталды. Сондай-ақ, кейбір акцияға қатысушылардың үйі бары да белгілі болды. Олардың көбінің несиесі төленіп, атаулы әлеуметтік көмек, демеушілік көмек берілуде. Мемлекеттің өз міндеттерін орындаудан бас тартып отырмағанын түсіну керек. Бірақ, қазір қысымға беріліп, митингке шыққандарға пәтер бөліп берсек, күні ертең пәтер қалап, барлығы да митингке шығады. Сондықтан, митингке шыққанына немесе шықпағанына қарамастан, мемлекет көмекті халықтың әлеуметтік осал тобына кезегімен көрсететін болады»,- деді Дәурен Абаев.

Отырар ауданы сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары аудандардың көшін бастап тұр
Әскерге жарамды болып аттанған жігіт психикалық аурумен оралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу