Отырар ауданы сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары аудандардың көшін бастап тұр

Oinet.kz 26-09-2019 979

Screenshot_7.jpg

       Бүгін  баспасөз конференциясында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы  «Transparency Kazakhstan»   қоғамдық қоры жүргізген сауалнамалық зерттеу жұмысының нәтижесін жариялады.  

       Аталған қоғамдық қордың  сарапшылары жүргізген сауалнама еліміздің барлық облыстары мен аудан/қалаларын қамтып, жалпы саны 9 000 респондентті құраған.   

        Сауалнама қорытындысына сәйкес,  сыбайлас жемқорлық көбіне мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда,  полиция органдары мен  жер қатынастары басқармасында, мемлекеттік балабақшалар мен салық органдарында жиі кездесетіні  анықталды. 

Screenshot_8.jpg

Screenshot_9.jpg

         Айта кететін жәйт,  Түркістан облысы аталған сауалнамаға сәйкес, сыбайлас  жемқорлық көрсеткіші  орта деңгейдегі  аймақ ретінде айқындалған. 

          Десе де, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 8,2%-ы  - Түркістан облысының полиция саласында, 5,7%-ы - жер қатынастарында, 5,1%-ы  - денсаулық сақтау саласында, 3,0%-ы - салық органдарында, 1,9%-ы  - балабақшаларда кездесетінін көрсетті. 

         Ал, аудандардың арасында халық пен бизнес өкілдерінің пікірінше, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі Отырар,  Түлкібас және Қазығұрт аудандарында  жоғары екендігі атап өтілді.    

          Брифинг соңында БАҚ өкілдеріне жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейі  жоғары салалардың бірі  -  жер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал жуық арада денсаулық саласында осындай талдау өткізілетіні айтылды.

Жарас Сәрсек. «Бозым»
Дәурен Абаев: «Митингке шыққан әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу