Қазақстанның 8 өңірінде үсік болады
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы болып, кей жерлерде түнде көбіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа-райының құбылмалығы Карск теңізі аймағынан келетін солтүстік циклонның әсерінен деп болжануда Республиканың тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.