Жамбылда балабақша қаржысын жымқырғандар ұсталды
Жамбыл облысында балабақшаның қаржысын жеп, заңсыз құжаттар жасаған қылмыстық топ ұсталды. Лауазымды тұлғалардың қылмыстық ісі бүгінгі таңда сотта қаралуда, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан топ пен жеке кәсіпкер алдын ала сөз байласып, білім мекемесіне тиесілі 7 398 467 теңгені талан-таражға салған. Енді олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармағы, 369-бабы 1-бөлігі, 385-бабы, 1,3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылмақ.
«Педагогтар мен ата-аналардан түрлі себеп-сылтаумен ақша жинау, сыйлық қабылдауға қатаң тыйым салынады»,-деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін де ескертті.