Африкалық азамматтардан құралған «Климанджаро» ән тобы Қазақстан туралы айтты
Қазақ тойларында ән салып жүрген шетелдіктер аз емес. Қазақстанға бір аптаға гастрольдік сапармен келіп, 6 жылға қалып қойған «Климанджаро» тобы Айта берсін бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды OINET.KZ.
«Біз Наурыз мерекесіне бір аптаға келген едік. Ал енді міне 6 жыл болды. Біз сол бір аптаның ішінде ары қарай да және ұзағынан өнер көрсете алатынымызды түсіндік», - «Климанджаро» тобының әншісі.
Топ әншілері Қазақстанда ұзақ қалуының да себептерін айтып өтті.
«Біз 6 жылдың ішінде өзімізді қазақ сияқты сезініп кетпесек те, өзімізді туған жерімізде жүргендей сезіндік», - топ әншісі.