Жанар Дұғалованың жұлдызын жаққан анасы ма, әлде Баян Есентаева ма?
Жанар Дұғалованың анасы Айта берсін бағдарламасында қызының алғашқы да, соңғы продюсері өзі екенін айтып, Баян Есентаеваға рақметін қосып өтті, деп хабарлайды OINET.KZ.
«Продюсер дегенде, ең алғашқысы да, ең соңғысы да мен! Оны кейін Баян Есентаеваға берген кезде «Жас Қанаттың» гранприін алған, Президенттік премияны алған, өзі Москвадан бітіріп келген. Өзінің болмысы бар адам болып келген. Көбінде айтып жатады «Баян шығарған, бірдеңе шығарған» деп. Баянға рақмет. Баян да көп еңбек сіңірді. Журналға шығарды, әндерін жазды. Өте талантты, сіңліме де алғысымды білдіремін. Бірақ осы уақытқа дейін жетектеп, өзім өнерімді ысырып қойып, екі баламды осы дәрежеге жеткізген мен!», - Жанардың анасы Рая Әбітайқызы.