Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелер қаралды

Oinet.kz 23-09-2019 941

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес бірінші болып Қазақстан Республикасының Президентінің бақылауында тұрған, әлеуметтік маңызға ие «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мәселесіне қатысты сұрақтар қаралды.

Аталған мәселенің қаралуына қала тұрғынының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жазған шағымы негіз болған. Шағым бойынша Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижесімен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда бірқатар бұзушылықтарға жол берілгені анықталған.

Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңеспен Шымкент қаласының әкіміне Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына қатысты тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұл ретте, кеңес төрағасы Әли Амантайұлы Көмекбаев 

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмысында бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі бұған дейін Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралғанын, Басқарма басшысына бұзушылықтарға жол бермеуге, қоғаммен тығыз кері байланыс орнатып, мемлекеттік қызметке сенімді арттыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттігі ескертілгенін атап өтті.

Оған қоса, жүйелі шаралар қабылданбаған жағдайда, Әдеп жөніндегі кеңеспен Басқарма басшысының жауапкершілігі қайта қаралатынын қатаң ескертті.    

Кеңес отырысында екінші мәселе болып Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды. 

Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың нұсқауларын мерзімінде орындамағаны үшін Басқарма басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. 

Сонымен қатар, кеңес отырысында Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының басқарып отырған мемлекеттік органның Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша есептері тыңдалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды сапалы түрде атқару тапсырылды.

Шағалалы Шардара ауданының тұрғындары тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды
Лионель Месси жылдың «үздік футболшы» атағын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу