Шағалалы Шардара ауданының тұрғындары тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды

Oinet.kz 23-09-2019 1121

Screenshot_18.jpg

Сыбайлас жемқорлық – кез-келген қуатты мемлекетті құлдыратуға қауқарлы қауіпті індет. 

Сондықтан, оның алдын алуға және онымен қарқынды күресуге мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінуде.   

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы  Түркістан облысына қарасты шағалалы Шардара ауданында болып,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ауданның барлық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Түсіндіру шараларына ауданда орналасқан 14 мекеме, оның ішінде мәслихат депутаттары,  құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты мен оның дербес бөлімдері,  статистика және  мемлекеттік кірістер,  төтенше жағдайлар мен әскери бөлім, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығы, Жастар, дін және этно-мәдени бірлестігі, мектеп директорлары мен ата-аналар,  сондай-ақ кәсіпкерлер мен медицина  саласының қызметкерлері қамтылды. 

Screenshot_17.jpg

1000-ға жуық тыңдаушыны қамтыған жиын барысында Г.Төлегенқызы адам бойындағы асыл құндылықтар, яғни адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын терең қазбалап, бүгінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының баса назар аударып отырғандығын  жіті түсіндірді.    

Сонымен қатар, қазақстандық әрбір азаматтың белсенділік танытуы – қоғамдық індеттің жолын кесуге мүмкіндік беретіні атап өтіліп, аудан тұрғындарына қоғаммен кері байланыс орнату үшін құрылған Агенттіктің Саll-орталығының 1424 сенім телефоны мен тәулік бойы жұмыс істейтін «WhatsАpp» желісіндегі арнайы байланыс сымтетігі таныстырылды. 

Screenshot_19.jpg

Шара соңында  сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берілді

Айқын Төлепберген 8 наурыз қарсаңында барша қыздарға сыйлық жасамақ
Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелер қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу