Айқын Төлепберген 8 наурыз қарсаңында барша қыздарға сыйлық жасамақ
Әріптестерінен қалыспай Айқын Төлепберген де комедия жанрында кино түсіруді жоспарлап отыр. Бұл фильм барша қыздар қауымына арналатынын айтып өтті, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Ел аузында бағдарламасына сілтеме жасап.
«Ол киноның продюсерімін. Кинопрокатчиктер айтты, егер киноның продюсері болсаң өзің міндетті түрде түсу керексің деп. Және әйеліңді түсіру керексің деп», - дейді Айқын Төлепберген.
Өзі де, екінші жары Жұлдыз Өмірғали да түсетін кинокартина 8 наурыз қарсаңында кинотеатрларда көрсетпек.
«Әр елдің өзінің юморы бар. Сондықтан комедия түсіру керек. Және кино барлық қыздарға арналады. 8 наурыз қарсаңында шығады. Алла қаласа, сценарийін бітіріп жатырмыз», - дейді әнші