Елордада қандай жаңа нысандар салынады?

Oinet.kz 23-09-2019 827

Мектеп, зауыт, медорталықтар: Елордада қандай нысандар салынады

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Елорда төрінде қала әкімінің төрағалығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес өтті. Онда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жобаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды OINET.KZ  тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр, 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейтін болады. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «International School of Nur-sultan City» ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр.

Мектептегі  әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады. Кеңесте сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты.

Және өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар: асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт.

Қазіргі таңда елордада 21,8 млрд. теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды: ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба.


Үйлену той мен басқа да салтанатты шараларға қатысты жаңа заң шықты
Айқын Төлепберген 8 наурыз қарсаңында барша қыздарға сыйлық жасамақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу