Үйлену той мен басқа да салтанатты шараларға қатысты жаңа заң шықты

Oinet.kz 23-09-2019 1287

Картинки по запросу Қазақтың тойы

14 қыркүйек Өзбекстанда Қос палатаның келісімімен тойлар мен іс-шараларға байланысты жаңа заң бекітілді. Ысырапшылдықтың алдын-алу үшін енді көрші мемлекет тұрғындары аста-төк болып той жасай алмайды, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді Өзбекстанда отбасылық той мен шараларды сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін ғана өткізуге болады. Сонымен қатар, палау тартудан басқа жағдайларда, тойды бірнеше күнге созуға тыйым салынған. Қалалық және аудандық кеңестер палау тарту уақытын «жергілікті жағдайға байланысты» белгілей алады.   

Сонымен қатар, қонақтар санына да шектеу қойылды. Ендігі жиын-тойларға 200-ден аса, палау тартуға 250-ден аса қонақ шақыруға болмайды. Сондай-ақ, қос үйлену тойларына қатысты да жекелеген норма бекітілген. Ол бойынша, той қонақтарының қатарына тағы 50 адамды қосуға рұқсат.

Жаңа заң бойынша, үйлену тойларында жеңіл автокөлік саны 3-еуден аспауы тиіс. Және тойға екіден көп әнші мен музыкалық топты шақыруға рұқсат жоқ.

Мұндай заңның қабылдану мақсаты – отбасылық салтанатты шаралардағы ысырапшылдықпен күрес. Депутаттар заң жобасын талқылау барысында «ысырапқа толы және салтанатты» үйлену тойларын өткізу үшін, азаматтардың қарызға батып, артынша табыс табу үшін шетелдерге кететінін айтып шағымданған.

Жаңа заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енбек.

Асқар Мамин «Бастау-Бизнес» жобасын талқылап, қатысушылар санын арттыруды тапсырды
Елордада қандай жаңа нысандар салынады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу