Месси жетінші мәрте «Алтын допқа» ие болды
30-11-2021
Италиядағы "Ла Скала" театрында "Барселона" мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың ең үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
"Үздік футболшыға берілетін атақты алғаным үшін қуаныштымын. Бұл жеңісімді отбасыма, клубтағы әріптестерім мен достарыма арнаймын. Сондай-ақ, мақсатымызға жетуге үлкен жігер сыйлайтын жанкүйерлеріме арнаймын. Бәріңізді құшақтадым", - деді ол өзінің Instagram парақшасында.
Ол дауыс беру нәтижесінде "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейкті артта қалдырды.
Ал үздік қақпашыға берілетін "сыйлықты" Алиссон ("Ливерпуль") алды.
2019 жылдың үздік бапкері болып Юрген Клопп танылды.