Шымкентте ойнап жүрген 3 жасар бүлдіршін кір жуатын машинадан шығарылды
Сурет inform.kz сайтынан алынды
Шымкент қаласында 3 жасар бүлдіршін кір жуатын машинаға қысылып қалды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 16-қыркүйек Асар-2 мөлтек ауданында болған. ТЖД мәліметінше, 2016 жылы туған бала ойнап жүріп, кір жуатын машинадан екі аяғын сыртқа шығара алмай қалған. «Құтқарушылар темірді кесу қайшыларды қолдана отырып, кір жуғыш машинаның барабанынан баланың екі аяғын алып шықты. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық» -делінген хабарламада.