Қазақстан Өңірлік даму министрлігін қайта құруды ұсынып отыр

Oinet.kz 12-09-2019 879

Картинки по запросу балиева

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Қазақстанда Өңірлік даму министрлігін қайта құруға шақырды.

- Мен елімізде Өңірлік даму министрлігі болуы тиіс деп ойлаймын. Біз біртұтас елміз. Сондықтан қазақстандық азамат қай жерде тұрса да біз кепіл беретін барлық қызметтерді алуға құқылы. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыз су, жол және т.б., - деді Балиева Мәжілістегі үш жылдық республикалық бюджет жобасының таныстырылымында.  

Ол мұндай қорытындыға қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне барғаннан кейін келгенін атап өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік саясат, егер оған аса көңіл бөлінсе, жақсы орындалады. 

"Бүгінгі таңда министрліктердің қызметкерлері қандай стрессте жұмыс істейтінін көріп отырмын. Бізде тұрғындардың санына байланысты сараланған тәсіл болуы керек. Шымкентте балалар төрт ауысымда, Алматы облысында - үш ауысымда, ал бір жерде-бір ауысымда оқиды", - деп түсіндірді Балиева.  

Естеріңізге сала кетейік, Өңірлік даму министрлігі Қазақстанда 2013 жылдың қаңтарында құрылған болатын. Алайда 2016 жылы ведомство Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті болып қайта құрылды. 

Сонымен қатар, бұған дейін Балиева елімізде "Отбасы, балалар мен жастар істері министрлігін" құруды ұсынды.

Нұр-Сұлтанда белгісіз азамат көпірден секірмек
Белгілі журналист есірткіге әуес жұлдыздар туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу