Белгілі журналист есірткіге әуес жұлдыздар туралы айтты
Қазақ эстрада жұлдыздарының арасында нашаны былай қойып, кокаин иіскеп жүрген жігіттер бар. Мұндайға әсіресе, «папасының баласы», «мамасының баласы» атанып жүргендер бейім екен, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі Alashainasy.kz сайтына сілтеме жасап.
- Олар есірткісіз тұра алмайтын есер ұлды намазға да жығып көрді, қажылыққа да апарып бақты. Бірақ, нәтиже жоқ. Нәтиже емес-ау, ол бейбақта дінді қабылдай алар сана да қалмаған. Уақытының көбін кокаинның уытына арнаудан басқаға миы жетпей жүр, - дейді Қасым Қарабалин.
Журналистің айтуынша, әншілердің арасында есірткінің жаргон аттары бар. Олар: «кокс», «индюха», «балық». Әншілердің бірі өзінің концертінде сахнада тұрып есірткіні лақап атымен әзілдеп айтқан көрінеді.
«Жас жұлдыздарды» ата-аналары мың жерден есірткісін қойсыншы деп қажылыққа апарып, Қағбаны айналдыра жүргізіп, келіндеріне хиджаб кигізіп қойса да аһ ұрудан арыла алмай-ақ қойды. Оған өздері кінәлі. Әбден ақшаға құнығып кеткен. Ұлдарын миллиондар табатын «кассовый аппарат» ретінде ғана пайдаланды. Ал тәрбиелері тәпішкенің астында жатыр», - дейді тілші.
Қорытындылай келе, қазіргі таңда «жұлдыздардың» дінге бет бұрып кетуі кезінде «есірткіге» салынып кеткендігінен екен.