Аңсар Өсербаев Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды

Oinet.kz 06-10-2021 1379

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы тағайындалды. 

244620610_4623387521044658_4286100326841992573_n.jpg

Аңсар Жаңабайұлы – 1976 жылы 10 маусымда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Көксәйек ауылында дүниеге келген.

1997 жылы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер, ал 2004 жылы – Қарағанды экономикалық университетінен заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ-ында бастап, 1998 жылы Шымкент Қалалық Модельдік жұмыспен қамту орталығының бас маманы, бөлім бастығы, 1999 жылдың сәуірінде Шымкент қаласы «Еңбек биржасы» бөлімінің бастығы, 1999 жылғы қазанында Шымкент қалалық әкімшілігінің халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлімінің бастығы және 2001 жылы ОҚО Халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2013 жылы ОҚО дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

2015 жылы ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы,

ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

244774361_4623387401044670_8328096828030634661_n.jpg

Ал 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап 2017 жылдың 8 маусымына дейін «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, 2017 жылдан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы;

2020 жылы Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі болған.

2020 жылдың 14 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметі лауазымын абыроймен атқарған.

Атырау облысында 3 бала өрттен қайтыс болды
«Мойныма пышақ тақады» - Баян Мақсатқызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу