Атырау облысында 3 бала өрттен қайтыс болды

Oinet.kz 06-10-2021 3989

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

image.png

Кеше, 5 қазан сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді.

6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін ПД қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді.

Иманды болсын!

View this post on Instagram

Публикация от

Халық тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесін қолдауда
Аңсар Өсербаев Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу