Нұр-Сұлтанда белгісіз азамат көпірден секірмек

Oinet.kz 12-09-2019 744

Нұр-Сұлтанда белгісіз азамат Есіл өзені арқылы өтетін көпірден секірмек. Шұғыл құтқару қызметі оны түсіруге тырысуда, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.

 - 15.35-те біздің жедел басқару орталығының қызметкері Сарайшық көпірінде темір доға тәрізді қоршауда ер адам тұрғанын байқады. Жедел құтқару қызметі дереу оған жіберілді. Қазір құтқарушылар ер адамды түсіруге тырысуда, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Көпірдегі автокөлік қозғалысы жабылған жоқ. Құтқарушылар жартылай техника орнату үшін жолдың екі жолағын бөгеп отыр.

Оқиға орнында қазір азаматпен психолог жұмыс жасауда.

Полицейлер әлеуметтік желілерде фейк аккаунттармен отырады
Қазақстан Өңірлік даму министрлігін қайта құруды ұсынып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу