Желіде Тоқаевтың қытайша берген сұхбаты пайда болды
Казнетте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытайлық телеканал жүргізушісіне берген сұхбатының үзіндісі пайда болды.
Бейнежазбада президенттің қытайлық CCTVтелеарнасына қытай тілінде сұхбат беріп отырғанын көруге болады.
Президент өзінің шет тілін өте жақсы білетіндігін көрсетті.
Өздеріңіз білесіздер, Қасым-Жомарт Тоқаев - полиглот, президент бірнеше тілдерді, соның ішінде қытай тілін де еркін меңгерген.
Еске сала кетейік, қазірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр. Онда президент бұған дейін бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.