ҰБТ кезінде шенеуніктердің балалары смартфонды ашық түрде қолданғандығы анықталды

Oinet.kz 12-09-2019 1036

Screenshot_6.jpg

ҰБТ кезінде өрескел ереже бұзушылыққа жол берілгендігі анықталды, деп жазды Oinet.kz порталы Stan.kz-ге сілтеме жасап. 

Орталық басшысы Дидар Смағұлов: «Видеожазбаны тексеріп, кезекшінің ашық түрде смартфонды пайдаланып отырған 5 адамды байқамауға тырысқанына, оларға көз салмағынына көз жеткіздім»,- дейді. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты қандай да бір шара қолдану мүмкін емес. 

«Иә, біз мұндай «кезекшіні» тізімнен алып тастадық. Өкінішке орай, біздің мүмкіндіктеріміз осымен бітеді», - дейді Смағұлов. 

Дидар Смағұловтың сөзінше, өзі бұл жағдайды байқамай қалуы да мүмкін еді. Алайда смартфон пайдаланған екі талапкер тестілеу кезінде қатарластарының алдында байланысы бар екенін көрсетіп мақтанған.  

«Олар ауылдағы мектебінің барлық түлегінің алдында байланысы бар екенімен мақтанды. Мұндай жағдайда қаншама ақылды жас мемлекеттің әділдігіне деген сенімін жоғалтады? Залалын есептеу мүмкін емес», - дейді орталық басшысы. 

Смағұлов ҰБТ электронды түрге өзгертілгеннен кейін мұндай алаяқтық деректері болмайды деп сендірді. Алайда мұндай өзгеріс енгенше, әлі бірнеше жыл бар. Осыған байланысты ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бастама көтердік, дейді ол.

Сондай-ақ, ол қазақстандық ІТ-компания видеосараптама жүйесін әзірлеуді ұсынғанын айтты. Мұндай жүйеде жасанды интеллект 1 000 видеодан бұзушылық жасағандарды өзі табатын болады. 

Алматыда ЖОО-ның бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады
Жауапкершіліктен жұрдай Төреғали Төреәлі тағы да алдап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу