Алматыда ЖОО-ның бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады

Oinet.kz 12-09-2019 985

Картинки по запросу взятка

46 жастағы әйел адамдарға доктарантураға заңсыз жолмен түсуді ұсынып, пара алды деп күдіктеліп отыр.

Алматыда жоғарғы оқу орнының бұрынғы қызметкері докторантураға түсіруді, IELTS сертификатын алып беруді ұсынып азаматтарды алдаған, деп хабарлайды Oinet.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 46 жастаңы әйел өзінің таныстарына өзінің күші де құқығы да жоқ қызметтерді ұсынып, аңғал азаматтардың сеніміне иеленіп ірі көлемдегі ақшаларды жымқырған.

- Ол өз көмегін ірі сомалармен бағалаған. Зардап шеккендердің бірінің алыс шетелдерге көшіп келу үшін талап етілген сертификат алғаны үшін 440 мың теңге алған.  Екіншісінен қала университеттерінің біріне докторантураға түіру үшін 1,5 миллион теңге көлемінде қаражат алды. 

Айта кету керек, күдікті жақында ғана ЖОО-ның бірінде жұмыс істеген, дәл осы факті жәбірленушілер тарапынан сенімділік туғызған. Ал өзі ұсынған қызметтерді жүзеге асырмай, ізін-қайын жоқ болған. 

Қазір Б. ханымға қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК – нің 190-бабының 3-бөлігі-ірі мөлшерде жасалған алаяқтық қазіргі уақытта оған төрт түрлі айып тағылады. Осыған байланысты, аталған адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 298-53-71; 8-701-252-50-50; 8-701-718-70-69 немесе 102, - деп хабарлады Әуезов ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы полковник Жасұлан Тұрыспаев.


Павлодарлық блогер өз "пранкы" үшін айыппұл төлейді
ҰБТ кезінде шенеуніктердің балалары смартфонды ашық түрде қолданғандығы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу