Павлодарлық блогер өз "пранкы" үшін айыппұл төлейді
Жас жігіт әлеуметтегі жазылушыларына өз әрекетін қайталамауын ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz Павлодар-онлайн ақпаратты порталына сілтеме беріп.
Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні 21 жастағы павлодарлық тұрғын арандатушылық тудыратын заңсыз іске барған. Павлодарлық жігіт трамвайға жармасып, бірнеше метрге дейін жүреді. Және өзінің бұл әрекетін бейнежазбаға жазып, әлеуметтік желіге салады. Жаңадан келген блогердің танымалдылығын арттыру үшін жасалған бейнежазбасы трамвай департаменті мен полицияның назарын аударды.
Полицейлер жас жігітті бөлімшеге шақыртады. Полицейлерден қатаң ескерту алған жас блогер өз фоллоуерлеріне мұндай әрекетке бармау қажеттігін және қатаң жазаланулары мүмкін екенін ескертеді.
Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды.
- Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, басқалар істемейтін дүниелерді жасау өзінің хоббиі екенін түсіндірді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Павлодарлықты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 12 625 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.