Бекболат Тілеухан білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс керек екенін айтты

Oinet.kz 12-09-2019 1280

Картинки по запросу бекболат тлеухан

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан келешек ұрпақтың басты мәселесі білімнен туындайтынын айтты. Білім жүйесін қатаң сынға алып, түбегейлі өзгеріс енгізу керек екенін алға тартты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мәселе жүйеде. Жүйе – қаскөй жүйе. Мұндай жаман жүйе жоқ. Талай проблема бар. Жұмыссыздықты айтып жатырмыз. Жемқорлықты айтамыз. Масылдық дейміз. Елімжандықтың жоқтығы дейміз. Осының бәрі де проблема шығар. Бірақ бұл білім жүйесінен маңызды проблема біздің ұрпақ үшін жоқ", - деді Бекболат Тілеухан Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.

Мәжіліс депутатының айтуынша, халықтың пікірі бұл білім жүйесін өзгертеді екен. Яғни, ел болып жаңадан келген білім министрі мен вице-министрге айту керек.

"Адамның өмір жолының табалдырығы мектеп болса, мектептің жаны мұғалім болса, мұғалімнің құралы оқулық болса, оқулықтың басы оқу бағдарламасынан басталатын болса, осы бүкіл циклді жасаған кезде, білесіз бе қандай жүйемен жасалып жатқанын? Ал енді бұл жерде жүйені түбегейлі өзгерту керек. Жүйе өзгермей, бұл дау – ешқашан таусылмайтын дау", - деп кесіп айтты ол.

ІІМ: "Қазақстандағы балаларды өздерінің жақындары зорлайды"
Ақтөбе қаласының №60 мектеп директоры еден жуу эстафетасын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу