Ақтөбе қаласының №60 мектеп директоры еден жуу эстафетасын қабылдады

Oinet.kz 12-09-2019 1391

Screenshot_4.jpg

"Өзіңнен баста" эстафетасын Ақтөбе қаласындағы №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев бастады, деп хабарлады Oinet.kz порталы Nur.kz-ге сілтеме беріп.

"Кабинетті тазалауға аптасына бір-екі рет көңіл бөліп тұруға болады. Тазалық әрдайым өзімізден басталады. Қаламыздың, ауданымыздың, мектебіміздің, подъезіміздің тазалығы өзімізге байланысты.

Мен эстафетаны жалғауды қала әкімі Мавр Абдуллинге және қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовке жолдаймын. Ел ағалары халық қызметшісі екенін ұмытпау керек. Азаматтар игі шараны қолдайды деген ойдамын", - дейді Абзал Тәжімішев.

Мектеп директоры кабинет тазалау жұмыстарының жақсы жаттығу болатынын да ескертті.

"Таңғы тазалық жұмысы 10-15 минутқа жүгіргенмен тең. Жақсы энергия шығарады. Мен секілді анау-мынау толық жігіттерге жақсы фитнес болады екен. Кеңес беремін", - дейді ол.


Бекболат Тілеухан білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс керек екенін айтты
Вакциналаудан өтпеген балалар бұдан былай Қазақстандағы мектептер мен балабақшаларға жіберілмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу