Қазақстанда әрбір мектеп оқушысы 4,5 млн теңге ұтып ала алады
Елімізде әрбір мектеп оқушысы 4,5 млн теңге ұтып ала алады. Ол үшін оқушы халықаралық олимпиадаға қатысып жеңімпаз атану керек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мектептегі білім берудің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі – ол оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысына қатысу. Олимпиадалардың, спорттық сайыстардың жүлдегерлері болашақта ЖОО-ларға конкурссыз түсуге мүмкіндіктері болады.
Сонымен қатар ынталандыру бағыты бойынша оқушылар мен олардың мұғалімдеріне біржолғы сыйақы беріледі. Мысалы, алтын, күміс және қола медальдарға ие болған оқушылар 1 500 АЕК, 1 000 АЕК және 500 АЕК көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болады. Ал олардың педагогтері оқушысы алтын алса, 150 АЕК, күміс алса, 100 АЕК және қола алса, 50 АЕК көлеміндегі сыйлыққа ие болады", - деп толықтырды Гүлмира Кәрімова.