Арман Қуанышбаев әріптесі Ерлан Ақатаевтың сеніміне, уағыздарына күмәнмен қарайтынын айтты
Коллаж stan.kz сайтынан алынды
Уағыздарын сүйсіне тыңдап жүрген Ерлан Ақатаев Алматыдағы мешіттердің бірінде аптасына екі рет уағыз айтады. Ақатаев та, Арман Қуанышбаев та мүфтияттың ғалымдары. Алайда Қуанышбаев әріптесінің сеніміне күмәнмен қарайтынын айтып қалған, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ертең Дарын сияқты алданып қалмаңыздар.Күшті-күшті жылататын сөздер айтып, ертең Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмаңыздар», - дейді Қуанышбаев желіде тараған видеода.
Осы видеодан кейін дінде жүрген азаматтар Ақатаевтың сеніміне қатысты алаңдаушылық білдірге бастаған.
Ал мүфтияттағылар Ерлан Ақатаевтың теріс көзқараста еместігін, мүфтияттың сынағынан өткен, исламның құндылықтарын насихаттап жүрген дін қызметкері екенін айтты.
«Ерлан Ақатаев болсын, Арман Қуанышбаев болсын, екеуі де діни басқарманың бұйрығымен діни басқарманың аясында жұмыс істеп жатқандықтан, екеуінің де уағызын тыңдауға болады деп айта аламыз. Яғни екеуінің көзқарасы, сенімі, нанымы діни басқарманың ұстанымына сай келгендіктен, бөліп-жара қарай алмаймыз. Екеуінікі де дұрыс деп айта аламыз», - дейді ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.
Сонымен қатар діни басқармадағылар алдағы уақытта екі имамды кездестіріп, талас тудырған мәселенің талқыланатынын жеткізді.