​Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениеті түсіндірілд

Oinet.kz 12-09-2019 1285

Screenshot_1.jpg

Бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында болып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер екендігін ескертіп, басқарма қызметкерлеріне тұрмыстық жемқорлық фактілерінің алдын-алу  бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ, қоғам індетінің елге тигізер зардабы мен залалын және заңнамалық жаңалықтарды  жан-жақты талқылап, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және оған жол бермеуге шақырды. 

Шарада «Есен ана» мешітінің бас имамы Е.Киізбаев пен «Тәйтелі ата» мешітінің бас имамы М.Сұлтанқұлов белсенділік танытып, парақорлық адами тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да ауыр қылмыс, әрі кешірілмес күнә екендігін кеңінен баяндады.

Түсіндіру жұмыстарының  соңында төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне слайд және бейнеролик арқылы тиісті ақпараттар ұсынылып, жемқорлық фактілерін байқаған жағдайда 1424 сенім телефонына хабарласу қажеттілігі түсіндірілді. 

Петропавлда 3 автокөлік өртке оранды
Арман Қуанышбаев әріптесі Ерлан Ақатаевтың сеніміне, уағыздарына күмәнмен қарайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу