Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Петропавлда бір автокөліктегі өрт салдарынан тағы екі көлікте өрт шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт жеке үйдің жанында тұрған Mercedes-Benz-ден басталған. Өрт сөндірушілер келген кезде 10 минуттан соң үш машина да жанып кетті. Өрт Mercedes-Benz, Toyota және Mazda-ны түгелімен отқа ораған.
- Өрт кезінде Mercedes-Benz, Mazda автокөліктері толығымен жанып кетті. Toyota автокөлігінің салоны мен оң жақ бөлігі зардап шекті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің анықталған себебі – электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер машиналардың, әсіресе электр жабдықтарының техникалық жағдайын үнемі бақылау қажеттігін еске салды. Электр сымдарының қысқа тұйықталуы - автокөліктегі өрттің шығуының басты себебі. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112-ге қоңырау шалып, өртті сөндіру жөнінде шаралар қолдану қажет.