Нұрлан Әлімжан Парламенттің алғашқы отырысына не үшін кіре алмағанын айтты
Нұрлан Әлімжанның пленаралық отырысқа не үшін келмегенін айтып берді. Бұл арада оның ешқандай кінәсі болмай шықты, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен ол кезде әлі депутаттық мандатымды алып үлгермегенмін. Сондықтан ол жиналысқа қатысуға қақым болмады. Бұл менің қателігім емес, менің алдыма дейін депутат болған Бақтияр Мәкен мандатын ол кезде Орталық сайлау комиссиясына енді өткізіп жатты. Одан кейін мандат маған берілді. Бәрі де заң жүзінде. "Nur Otan" партиясының мүше болғаныма 10 жылдан асты. 2009 жылдан бастап. "Ағайындылар" фильмі жарыққа шыққаннан кейін "Nur Otan" өзіне шақырды мені. Сол кезде партия мүшесі болдым, - дейді Нұрлан Әлімжан.
Сөз соңында ол Алматыдан елордаға көшіп жатқанын да айтып қалды.
- Менің әке-шешем Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Ал мен Алматыдамын. Осыған дейін екі жақта жүре беретінмін. Енді Нұр-Сұлтанға дұрыстап тұрақтайтын болдым, - дейді ол.