Түркістанда газ балонын тасымалдайтын автокөлік өртеніп, бірнеше адам зардап шекті

Oinet.kz 11-09-2019 918

image.png

Түркістан газ толтырылған автоцистернаның жарылуының салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды oinet.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Бекзат Саттарханов көшесіндегі қонақ үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 18:05-те келіп түскен. Оқиға орнына келген кезде қонақ үйдің шатыры жалындап, ғимараттың бірінші қабатының оң жақ беті жанып жатқаны анықталды.

Сонымен қатар, қонақ үйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру кезінде газ тасымалдайтын автокөліктің жарылғаны мәлім болды. Өртті сөндіруге 17 техника мен 75 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза болғандар анықталған жоқ", - дейді Нұрғали Жүнісов.

Сондай-ақ, ведомство басшысы бірнеше адамның күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Әзірге белгілі болғандай, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім еткендей, жалынның таралуы 20:00-де тоқтатылып, 20:15-те тілсіз жау толығымен ауыздықталған.

Басқарманың мәліметінше, зардап шеккендердің 7-еуі өрт сөндірушілер. Олар қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқастардың түрлі деңгейде күйік шалғанын айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қытай бүкіл әлемге үлгі бола алады»
Қызылордадағы цемент зауытының кесірінен балалардың үстіне жара қаптауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу