Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қытай бүкіл әлемге үлгі бола алады»

Oinet.kz 10-09-2019 2290

image.png

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинге 11 қыркүйекте ресми сапармен барар алдында Қытайдың орталық мемлекеттік телеарнасына (CCTV) берген сұхбатында "қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты ой-пікірімен бөлісті" деп хабарлады oinet.kz тілшісі Тоқаевтың баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Қытайдың CCTV телеарнасы Қазақстан президентінен алған сұхбаттың үзіндісін жариялаған. Онда Тоқаев Қазақстан үшін "Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың аса маңызды" екенін, екі елдің әртүрлі салада "ынтымақтастық қатынас" пен "өзара сенім мен пайдаға негізделген" берік байланыс орнатқанын айтады. Тоқаев Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасы "біздің маңызды мақсаттарымызбен тиімді үйлесе алатын" ғаламдық дәрежедегі концепция екенін атап өткен.

"Қытай елеулі табысқа қол жеткізді және Азия мен тіпті бүкіл әлем үшін үлгі бола алады. Қазіргі Қытай – инновация саласында прогресске және жаңа технологияларды әзірлеуде табысқа жеткен ел. Мен Қытай Халық Республикасын негізі қаланғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын, бұл шын мәнінде тарихи оқиға. Ұлы қытай халқына бұдан да зор табыс пен өркендеуді және біздің екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастық мәңгі жалғассын деп тілеймін" деген Тоқаев.

Елдің қай аймақтарында ауа-райы бұзылады?
Түркістанда газ балонын тасымалдайтын автокөлік өртеніп, бірнеше адам зардап шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу