Елдің қай аймақтарында ауа-райы бұзылады?
Жақын күндерде Республиканың бірқатар облыстарында дауыл орын алмақ.
Қазақстанның екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында да жел күшейеді. Екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге жетеді деп күтіледі.