Қостанайда оқушыға қол көтерген мұғалімнің ісі қаралуда

Oinet.kz 06-09-2019 1050

Бала ұрды деп айыпталған мұғалімге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды alau.kz.

Осыған дейін, Қостанай қаласының тұрғыны №6 орта мектептің бесінші сыныбында оқитын қызына мұғалімі қол көтерді деп шағымданған. Әйел құқық қорғау органдарына жүгінген болатын. 

"Мен директормен осы мәселе бойынша сөйлескенмін, ол маған сенген жоқ. Бұл педагогтың 14 жыл еңбек өтілі бар екенін, бірақ бұл сыныпқа сабақ өтпегенін айтты. Директорға қыздың сыныптастары шақырылды, олар мұғалім қол көтергенін растады.  Мен полицияға өтініш жазамын"

Бұл факт Қостанай қалалық полиция бөлімінде тіркелген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша мұғалімге қатысты ҚР ҚК 73-бабы «Денеге зиян келтіру» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Дүкеннен майонез сатып алған Алматылық тұрғын 1 миллион теңге ұтып алды
Дархан Мыңбай:«Журналистерге әуе және теміржол билеттері үшін жеңілдік берілуі қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу