Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Қарағанды қаласының тұрғынының үстінен 21 мың теңге үшін қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі секторының бас маманы болып қызмет атқаратын Ж. Смағұлова атты азаматша көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетуге арналған қаржыдан 1,6 миллион теңге жымқырған. Бұл қаражат тұрмысы төмен 10 отбасыға әлеуметтік көмек ретінде берілуі тиіс болған.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров «25 шілдеде Ол өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге өтінім берген кезде басқа анкеталық деректің орнына өзінің жеке деректемелерін көрсеткен және жәрдемақыны алып отырған», - деп мәлімдеді.
Сот шешімімен азаматша 3 жылға бас бостандығынан айырылған, алайда үкім сотталушының баласы 14 жасқа толғанға дейін 5 жылға кейінге шегерілген.