74 жастағы әйел егіз босанды

Oinet.kz 06-09-2019 1482

Картинки по запросу егіз бала

Үндістандық 74 жастағы Эрраматти Мангаямма Андхра-Прадеш штатында ЭКО арқылы бала көтеріп, екі қыз босанды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі РИА новости сайтына сілтеме жасап

Аурухана директорының айтуынша, егде жастағы әйел кесар тілігі арқылы босанған.

«Ота сәтті өтті. Анасы мен балаларының денсаулығы жақсы, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бірақ анасын соңғы бірнеше сағатта алған стрестен құтылу  үшін интенсивті терапия бөліміне жатқыздық», - деді дәрігер Hindustan Times-қа берген сұхбатында.

Мангаямма қыздарын емізе алмайды, олар банка арқылы донор сүтін ішіп жатыр. Директордың айтуынша, әйелде диабет және гипертензия секілді ауыр диагноздар болмағандықтар, әйел балаларды аман-есен босанған.

Мангаямма мен оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылдың 22 наурызында үйленген. Соңғы 57 жыл ішінде олар балалы болуға тырысқан. Тек осы жылдың қаңтар айында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы жүкті болады.

Қазақстандық «Авангар» командасы Counter Strike ойынында жартылай финалға шықты
Қарағанды тұрғынын соттатқан 21 мың
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу