«Хоргос» қаласындағы шекара аймағында контрабанда ұсталды
Жарты тонналық ұялы телефондарды заңсыз жолмен Қытайдан Қазақстанға алып өтпекші болған азаматтар ұсталды деп хабарлайды Oinet.kz «КТК» арнасына сілтеме жасап.
Контрабанда Хоргос қаласындағы шекара аймағында 5 қыркүйек күні орын алған.
Ұялы телефондар қоса, құлаққап, қуаттағыштар, қысқасы смартфон аксесуарлары болған. Контрабанданың жалпы салмағы жарты тоннаны құрады.