Тараз маңынан мина табылды

Oinet.kz 06-09-2019 911

image.png

Тараз маңындағы арықта танкіге қарсы мина табылды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Минаны сол маңда шөп шауып жүрген адамдар тауып алған. Бірнеше минуттан соң, полиция қызметкерлері ауданды толығымен қоршауға алды.

«Мен осы арық маңыңда шөп шауып жүргем. Google арқылы бұл заттың не екенін қарадым. Қауіпті екенін ұққан бойда бөлімшеге хабарластым, - деп айтты жұмысшылардың бірі.

Күтпеген жерден табылған зат қала жұртшылығының тең жартысын қорқытты. Мамандар бұл оқу жаттығуына арналған мина және одан төнетін қауіп жоқ екенін хабарлады. Ал танкіге қарсы минаның бұл маңға қалай тап болғаны әзірге белгісіз.

Мұны анықтау полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Ал тұрғындардың болжамынша, табылған танкіге қарсы мина жақын маңдағы әскери бөлімшеден арық арқылы сумен ағып келген. Бұған дейін арықта су көп болған деседі.

«Хоргос» қаласындағы шекара аймағында контрабанда ұсталды
Шымкенттік кәсіпкер жұмысшыларға екі жылдан бері жалақы бермеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу