Үндістандағы жарылыстан 22 адам қаза болды

Oinet.kz 05-09-2019 839

Screenshot_8.jpg

 Үндістанда  жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. деп хабарлады  Қазақпаратқа сілтеме жасаған  Oinet.kz порталы. 

    2017 жылы да дәл осы  от шашу шығаратын фабрикада жарылыс болған екен.  Екінші рет қайталанған жарылыстан 22 адам жан тапсырды. 

 Ескі фабрикада жарылыс салдарынан ғимарат тұтастай жанып кетті. Полиция қызметкері Мухтиар Сингх сәрсенбі күні болған жарылыстан 15 адам қаза тапқанын хабарлаған еді, қазір бақилық болғандардың саны 22-ге жетті. Фабрика Пенджаб штатында, Нью-Делиден 460 шақырым жерде орналасқан. Сингтың мәліметінше, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Штат үкіметінің әкімшісі Дипак Бхатия жарылыстың себебі зерттеліп жатқанын айтты. Саясаткер Бикрам Сингх Матиджа бұл фабриканың заңсыз түрде жұмыс істегенін айтып, заң органдарын жауапқа алуды талап етіп жатыр. Тұрғындары бар ауданда орналасқан фабрика лицензиясыз бірнеше жыл бойы жұмыс істеген. 2017 жылы дәл осы фабрикада жарылыс болып, 1 адам қаза тапқан еді. Фабрика отшашулар шығарумен айналысады.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы баспана беру ережелері бекітілді
Қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін отандық боксшылар тізімі жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу