Қыркүйек айында жекпе-жек өткізетін отандық боксшылар тізімі жарияланды

Oinet.kz 05-09-2019 1101

Screenshot_9.jpg

  Қыркүйек айында  жекпе-жек өткізетін отандық боксшылар тізімі шықты,  деп жазады   Prosports.kz.-ке сілтеме жасаған  Oinet.kz тілшісі. 

  Атап айтсақ,  7 қыркүйек күні Екатеринбургте өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (8-0, 3КО) шаршы алаңға шығады. 

 Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз жергілікті боксшы Владислав Красношеинмен (7-0-1, 2КО) 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. 

 Онан соң, 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3KO) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Решард Хикс (12-0-1, 6КО). Жекпе-жек орта салмақ санатында өтеді. Елеусіновтен бір күннен кейін Лас-Вегаста Ескендір Харсан (6-0, 5КO) рингке оралады.

  Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 26 қыркүйекте Канаданың Монреал қаласында үш қазақстандық боксшының қатысуымен үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) өнер көрсетеді. Ол мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15КО) жұдырықтасады. 

 Сондай-ақ, осы кеште Нұрзат Сабиров (10-0, 9КО) та бақ сынайды. Оның қарсыласы тағы бір мексикалық Бруно Сандоваль

 (20-3-1, 16КO) болады. Ал Аман Қазанғапов (0-0-1) мексикалық Хесус Ариагамен (2-1, 1КО) кездеседі.

  Орта салмақта өтетін жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. Ауыр салмақта өнер көрсететін Али Балоев (9-0, 7КО) пен Еділ Қожамбердиев (8-2, 8КО) титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр. Олар 29 қыркүйекте Ақтөбеде шаршы алаңға шығады. Қарсыластары жақында анықталады.


Үндістандағы жарылыстан 22 адам қаза болды
Мүгедектерге бөлінген қаржыдан 101 млн теңге жымқырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу