Аягүл Мантай: «Әншілер əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса, таңғалмаймын»

Oinet.kz 05-09-2019 1282

Белгілі жас жазушы Аягүл Мантай өзінің Facebook желісінде әнші Мейрамбек Бесбаевтың Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі

"Кеше Мейрамбектің Алматы қаласы əкімінің штаттан тыс кеңесшісі болғанын қабылдай алмайтынымды жаздым. Пікірімді кейбір оқырмандардың қабылдамағаны анық. Рас, Мейрамбекте деңгей бар. Мейрамбекті жақсы көрем. Бірақ мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде. Қазір осыдан он бес жыл бұрынғы Қазақстан болса, Мейрамбекті қолдар едім.Қазір теледидарды, бүкіл ақпарат құралдарын əншілер "жаулап алды". Бұл - қоғамның дерті. Бастапқыда телеарнаға жүргізуші боп осылай бір-екі əнші келді. Содан өздеріңіз де білесіздер, əншілердің көпшілігі жүргізуші болуға ұмтылды. 

Ертең де кейбір əншілер əкім, министрдің кеңесшісі болу үшін барын салса, таңғалмаймын. Онда Қазақстанда Мейрамбек синдромы басталады... Қайталап айтам, мəселе - Мейрамбекте емес, біздің жүйеде, əр нəрсенің дозасын білмейтін жүйеде..." - деп жазады жазушы.

image.png

Аягүл Мантай қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік стилін қалыптастырған жас жазушы. "Серпер" жастар сыйлығының және Президент стипендиясының иегері.  

Қазақстандық Барби: «Қазақстанда нағыз журналистер жоқ!»
Жолсеріктер: «Пара беру үшін билетсіз жолаушы аламыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу