Қазақстандық Барби: «Қазақстанда нағыз журналистер жоқ!»
Өзін «қазақстандық барби» деп танытып жүрген Динара Рахимбаева Қазақстанда нағыз журналистердің жоқ екендігіне нық сенімде.
Динара өзінің инстаграм парақшасында өзінен сұхбат алмақ болған журналистерге қатты ашулы екендігін айтты.
«Өтінемін журналистика мамандығына түскелі жатқан немесе оқып жүргендер болса, сіздерге бұл мамандықтың да қоғамда рөлі бөлек дегім келеді. Жұмысыңызға немқұрайлы қарау дұрыс емес. Тенгриньюс немесе нуркз сияқтыларға кіріп алып бос сөз жазып отырғанша, неге қоғамдық маңызы бар, шынымен де қоғалуы қажет мәселелерді көтермеске?»
Өз сөзінде «қазақстандық Барби»:
-Елде ешқандай нағыз журналист жоқ! Бір де бір! Сатып алынбаған, қорықпайтын, ойын ашық білдіретіндер мүлдем жоқ, - деді.
Қазірде Динара инстаграм блогер, манекенші және де жақында «Вечерний talk» шоуында жеке кәсібінің де бар екенін айтқан болатын.