Павлодарлық Сергей Смышляев көлігін онлайн тіркеп, ұтысқа ие болды.

Oinet.kz 04-09-2019 881

Screenshot_12.jpg

 Жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлады  pavlodarnews.kz  порталына  сілтеме жасаған  Oinet.kz  тілшісі .

 Ойын барысы астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді. 

 Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын.

 Байқауға барлығы 4 696 адам қатысты. Байқаудың басты демеушісі – Aster Auto ұсынған жүлделер автоәуесқойлар үшін нағыз пайдалы сыйлық болды. 

  Мұнда жеңімпаз  генерация әдісі арқылы  анықталды. Қорытындылай келе,  павлодарлық Сергей Смышляев, жамбылдық Майя Аманжолова, түркістандық Серік Сұлтанов, қызылордалық Әділет Асқаров және Алматы облысының тұрғыны Қуаныш Бегалиев бағалы сыйлық иелері атанды. Бас жүлдеге қойылған дөңгелек жиынтығына ақшалай сертификатты Қостанай қаласының тұрғыны Николай Потоцкий ұтып алды.

 «Мен үшін бұл нағыз тосынсый болды. Ұйымдастырушылар қоңырау шалып, сіз ұтып алдыңыз дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Мен үшін көлігімді еш қиындықсыз, жылдам әрі бірнеше минутта онлайн тіркегеннің өзі сыйлық еді.Ұйымдастырушыларға осындай пайдалы жүлде үшін рахмет айтқым келеді. Енді барлық қызметті тек онлайн әдіспен аламын», – деп лебізін білдірді  Сергей Смышляев.

 Бұл  «Азаматтарға арналған үкімет» жобасының  өткізетін соңғы байқауы емес. Он үшінші тамызда жаңа босанған аналар арасында «Анаға цифрлық көмек» атты байқау жарияланған болатын. Байқау шарты бойынша ата-аналар бала туу жөніндегі жәрдемақыға өтінішті онлайн рәсімдеп, балаларға арналған тауарлардың иесі атана алады.

Аймағамбетов: «Диплом алу үшін ғана ЖОО тәмәмдау қажет деп есептемеймін»
Білім министрі баласының қайда оқитынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу