Білім министрі баласының қайда оқитынын айтты

Oinet.kz 04-09-2019 1887

image.png

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баласының еліміздегі қарапайым мектептердің бірінде білі алатындығын айтты.

Бұл туралы Аймағамбетов Tengrinews.kz сайты тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің балам қарапайым мемлекеттік қазақ мектебінің төртіші сыныбында оқиды. Оның үстіне мен үнемі сабағын қадағалап, күнделігі мен бағаларын өз бақылауымда ұстаймын. Білімге деген қызығушылығын сұраймын, бірге ойнаймыз. Себебі ұл бала үшін әкесімен әңгімелескен өте маңызды. Оның сабақ үлгерімі өте жақсы, ойындағы нәтиже көрсете алмаса, алаңдап жүреді. 

Теледидарды қараса да, ұзақ емес. Бірінші сыныпқа барғанында балам сыныбында тек өзінде ғана телефон жоқ екенін айтқан болатын. Қазір ұлыма батырмалы телефон сатып алып бердік. Әрине, сен ұлымның басқа өз қатарластары секілді смартфонмен видео қарап, ойын ойнағысы келетінін жақсы түсінемін. Гаджеттермен қолдана білудің де белгілі деңгейде маңызы бар. Ол YouTube, Google желілерімен қолдана алуы қажет. Баламның смартфонмен қолдануға рұқсат етілген арнайы уақыт межесі бар.»

Павлодарлық Сергей Смышляев көлігін онлайн тіркеп, ұтысқа ие болды.
Балалар қытай тілін екінші сыныптан бастап меңгереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу