Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президентімен онлайн жүйесінде сөйлесті

Oinet.kz 14-05-2021 936

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы.jpg

Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьердемен видео конференция арқылы кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анна Бьерде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және алдағы уақыттағы кооперацияның басымдықтарын талқылады.

Мемлекет басшысы  Нұр-Сұлтан қаласына келген Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

Тоқаев.jpg

– Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешуге үлес қосқанын, соның ішінде, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллиард доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемалардың шешілуіне баса мән беретінін, «жасыл экономика» мәселелеріне және аталған саладағы ықпалдастықты жеке бақылауына алуға дайын екенін жеткізді.

Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты. 

Ө.Шөкеев: «Жол картасын» жанашырлықпен атқаруды талап етемін»
Шымкентте 404 нысан «Аshyq» жобасы арқылы жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу