Аймағамбетов: «Диплом алу үшін ғана ЖОО тәмәмдау қажет деп есептемеймін»

Oinet.kz 04-09-2019 1522

University-in-Prague_1-620x330.jpg

Жақсы жұмысқа орналасып, жеткілікті жалақы алу үшін жоғарғы оқу орнына түсіп, диплом алуға асығатынымыз рас. Десе де, «диплом алу» расымен де жұмысқа орналасуда ең маңызды рөлді ойнай ма?

Бұл жайында білім министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараты порталына берген сұқбатында айтты.

«Бәрі бірдей жоғары білім алуы қажеті шарт па? Мен қажет болса да, болмаса да «жоғары білімі бар» деген диплом алу үшін жоғары оқу орнына бару қажет деп есептемеймін. Қазірде белгілі бір жұмыс біліктілігіне ие болу маңыздырақ. Содан кейін нарықта сол жұмыста жасап көріп, дайындалып, содан кейін ЖОО-ға түсіп жатса, ұтымды шешім болушы еді. Кейбіреулері орта-арнайы мамандықтарды да иеленуі керек шығар. Бізге қазір керісінше техникалық және кәсіби мамандықтарды дамытып, сол мамандықтарға ден қоюдың орнына, жоғары оқу орындарына көбірек бөлінгендігін айтып сын айтылып жүр. Жоғары білім ешкімге қажет емес демеймін, тек таразы басы теңелуі қажет. Жоғары білім бәріне бірдей қажет емес. Мәселен, бізде бүгінде APEC PetroTechnic сияқты колледждер бар. Онда тіпті бір немесе екі жоғары білімі бар адамдар да оқуға келеді.»

Тегін медициналық дәрілер тізімі шықты
Павлодарлық Сергей Смышляев көлігін онлайн тіркеп, ұтысқа ие болды.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу