Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Криштиану Роналдудың өлсе не болады? Футбол жұлдызы өз өсиетхатын құрып, онда кімге қандай мұра қалдыратыны екенін айтқан деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі eurosport.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
«AS» басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы өз адвокаттарымен кездесіп, аталмыш құжат мәселесін талқылаған.
Роналду бар дәулетінің басты мұрагері етіп өзіне қыз бала сыйлаған қалыңдығы Джорджина Родригесті таңдаған.
Алайда, Криштианудың мезгілсіз өлімі болған жағдайда футболшының бар байлығы оның анасы Мария Долорес Авейруға бұйырмақ.
Роналдудың қазіргі таңдағы байлығы 300 миллион еуродан асты деп бағалануда. Бұл теңгеге шаққанда 127 500 000 000 тг. құрайды екен.