Ақтауда егіз ағайындылардың отбасы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Oinet.kz 23-08-2026

Ақтау қаласындағы №66 сайлау учаскесінде егіз ағайындылар - Төребек және Жолдасбек Төлепбергенұлдарының отбасылары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

image.png

Төребек Төлепбергенұлы жұбайы Асыл Биназаровамен бірге сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады. Оның айтуынша, отбасымен бірге сайлау учаскесіне келу – ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосудың бір жолы.

Біз үшін отбасымызбен бірге осындай маңызды саяси науқанға қатысу ерекше мәнге ие. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруі керек, – деді Төребек Төлепбергенұлы.

Ал Асыл Биназарова сайлауға қатысу әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті.

Сайлау – өз таңдауымызды білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн. Сондықтан отбасымызбен бірге келіп, өз дауысымызды беруді азаматтық міндетіміз деп білдік, – деді Асыл Биназарова.

Шымкентский тюльпан встретил избирателей
В Актау семьи братьев-близнецов проголосовали на выборах в Курултай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу