Әншілер Тамара Асар мен Аша Матай депутаттыққа ұсынылды

Oinet.kz 08-07-2026

Қазақстан халық партиясы Құрылтай депутаттығына 72 кандидатты ұсынды. Олардың қатарында депутаттар, өнер иелері, дәрігерлер, кәсіпкерлер, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері бар. 

Screenshot_1.jpgПартияның XXV кезектен тыс съезінде Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі таныстырылды.

Тізімге партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар, актриса әрі тележүргізуші, көпшілікке Аша Матай лақап атымен танымал Ақбота Асқарбекова, сондай-ақ бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева енген.

Съезде 20 жыл бұрын партияның мәжіліс сайлауындағы тізімінде 20 кандидат болғаны, ал қазір үміткерлер саны 72 адамға жеткені айтылды.

“Бұл тізімдегі әрбір есімнің артында еңбек пен тәжірибе тұр. Кандидаттардың орташа жасы – 45. Мұнда аға буынның тәжірибесі жаңа көзқарастың серпінімен ұштасып жатыр. 12%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар, 24%-ы – әйелдер. Тізімде алты ұлттың өкілі бар: қазақтар, орыстар, ұйғырлар, кәрістер, татарлар және грузиндер. Қаласаңыз, мұны Қазақстанның шағын үлгісі деуге болады”, – деді Ислам Сұңқар.

Сондай-ақ съезде қорытынды тізімді жасақтау үшін 500-ден астам адаммен жұмыс жүргізілгені айтылды. Олардың бәрі бірдей тізімге енбегенімен, партия өкілдерінің сөзінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді.

Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады
В центре мирового спорта - Казахстан выиграл право на проведение 7 чемпионатов мира в 2026–2027 года
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу