Шымкентте базар басшысы саудагер әйелді зорлады деген күдікке ілінді

Oinet.kz 01-04-2026

Шымкенттегі базарлардың бірінің басшысы саудагер әйелді зорлады деген күдікке ілінді. Зорлық туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева мәлімдеді. Оның мәліметінше, саудагер әйел жалдау ақысын кейінге шегеру мәселесін шешу үшін басшысына барған кезде ер адам оған дөрекілік танытып қана қоймай, өз кабинетінде зорлаған.

Screenshot_6.jpg

Құқық қорғаушы Ләззат Ракишеваның ақпаратына сүйенсек, әйел үш баланы өзі асырап отыр, күйеуінен де зорлық көрген, күнкөрісін базарда сауда жасап табады. Саудасы төмендеп кеткендіктен, жалдау ақысын уақытында төлей алмаған. Әкімші оны кабинетіне шақырып, “басқаша есептесуді” ұсынған.

“Ол оны кабинетінде зорлады. Есіктің сыртында ұлы күтіп тұрған. Әйел сол күні-ақ полицияға барып, арыз жазған. Бірақ оған “өзің кірдің ғой, демек бәрі өзара келісіммен болған” деген жауап айтылған”, – деп жазды құқық қорғаушы.

Шымкент қалалық полиция департаменті дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, азаматша Е.-нің арызы бойынша сол күні қылмыстық іс тіркелген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға мен куәгерлерден жауап алынған. Әр тараптың уәждері тексеріліп жатыр.

“Тергеу барысында оқиғаның нақты барысын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін объективті материалдар бар. Қорытынды құқықтық баға тергеу нәтижесіне сәйкес, заң талаптарына сай беріледі”, – деп мәлімдеді полиция.

Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасына басшы тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу